Жамбыл облыстық сотында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлеріне «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Құқықтық сауаттылық мақсатында Жамбыл облыстық сотымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлеріне «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Г.Тұрдыева, персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі басшысының м.а. А.Жұмаділдаева, университеттің білімгерлері қатысты.
Г.Тұрдыева білімгерлерді Жамбыл облыстық сотының жұмысы, соттармен жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуы жайында ақпараттандырып, сондай-ақ «Төрелік» ақпараттық жүйесінің функционалымен және электронды ақпараттық «Сот кабинеті» жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстырды.
А.Жұмаділдаева білімгерлерге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібін түсіндірді.
Г.Тұрдыева білімгерлерге мемлекеттік қызметкер мамандығын мұқият, жауапкершілікпен таңдауды ұсынды.
Іс-шараның соңында білімгерлерге судьялардың және сот қызметкерлерінің жұмыс кабинеті, кеңсе жұмысы көрнекі түрде көрсетілген саяхат өткізілді, сондай-ақ олар қызықтырған сұрақтарына жауаптар алып және болашақта осындай іс-шаралардың өткізілуіне үміттенетіндерін білдірді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі