Жамбыл облыстық сотында «дөңгелек үстелде» банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алу және азаматтық сот ісі мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Өзекті мәселелерді талқылауға судьялар, екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері қатысты.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков кездесуді ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық іс жүргізуде даулардың жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосқанын, мәмілелік құқықтық қатынастардан туындайтын даулар санының өсу үрдісі жайында ақпараттандырды.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлмира Егембердиева өз сөзінде банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды шеше отырып, шартты жасасу кезінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тараптар үшін міндетті қағидаларға (императивтік нормаларға) сәйкес келуі тиіс банктік қарыз шартының талаптарын соттар мұқият зерттеуі қажеттігін айтты. Тараптардың жауапкершілігін белгілеген кезде соттарға «Қазақстан Республикасының банктері туралы» Заңын төлеуге шамасы келмейтін қарыз алушыға қолданылатын шараларды ғана көздемейтіндігін, сондай-ақ банктік қарызды беру мақсатына байланысты оның қорғалуы бойынша шараларды да көздейтіндігіне назар аудару қажет екендігін тілге тиек етті. 
Облыстық соттың судьясы Динара Нұрлыбаева банктік дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін реттеуді енгізудің пилоттық жобасының көпшілікке таратылу қағидасы санатына еңгізілгендігі жайында атап айтты. «Даулардың медиация тәртібімен реттеу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, қайтарылуға жататын, сот шығындары бойынша талапкердің шығындарын төмендетеді. Аталған қағида сотқа дейінгі дауды реттеуге бағытталған» - деді.
Сондай-ақ ҚР АПК новеллалары туралы өз баяндамаларымен Жамбыл облыстық сотының судьялары Гүлнара Асылбек, еңбек даулары бойынша Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев, 2016 жылдағы сот төрелігін жөнелту қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы Ардақ Әкетаев, азаматтық істер бойынша талқылауды кейінге қалдыру тәжірибесі жайында Абай Есенбай айтып берді.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қараудың сот практикасын, сондай-ақ талап ету құқығын беру мәселелерін және т.б. талқылады.
Кездесу соңында «дөңгелек үстел» қатысушылары банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты даулар бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібінде бітімгершілік рәсімдерін дамыту жөнінде банктік қарыздың шартын жасағанда тараптар дауды келіссөздер жолымен шешуді қарастыра алатындығына, дауларды шешудегі бітімгершілік институттарын қолдану (медиация, омбудсмендер, партисипативтік рәсім және тағыда басқа келісу рәсімдеріне), баламалы тәсілдерге (арбитраж) қатысты, шартта сотқа жүгінуге екінші тарапқа алдын ала наразылық жолдағаннан кейін және тарап жағынан міндетті орындамау, немесе автор белгіленген мерзім ішінде тілекті жауапсыз қалдырғаннан кейін ғана болатындығы жайында бірлескен ұсынымдар жасады.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі