Жамбыл аудандық сотында «Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинарға аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратураның прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылар палатасының өкілі, кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты.
Судья Х.Косалиева өз баяндамасында азаматтардың маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып саналатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25, 26-баптарында көрсетілген тұрғын үй құқығының қорғалуы осы санаттағы істердің дұрыс шешілуіне байланысты, себебі тұрғын үй кез-келген адамның қызметі мен әл-ауқатының негізі болып саналатынын атап өтті.
Сонымен қатар, судья Х.Косалиева семинарға қатысушыларды 2016 жылы осы санатта қаралған азаматтық істердің статистикалық мәліметтерімен таныстырып, істерді қараудың ерекшеліктерін, іске қатысушылар туралы, істерді қарау барысында азаматтық және тұрғын үй заңнамаларын қолданылуы, осы санаттағы дауларды қарау барысында туындайтын мәселелер туралы баяндама жасады.
Семинар соңында судья сұрақтарға жауап беріп,  қатысушылармен өзара пікір алмасты.
                                                                                            
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі