Жамбыл аудандық сотында Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотының төрағасы Д.Төленбеков аудандық сот қызметкерлерін Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтады.
Іс-шараға соттың судьялары мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Төраға өз сөзінде мемлекеттің күші оның қызметшілерінде, оның жұмысының тиімділігі мен тәжірибелігінде екенін, сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілер күні мерекесін атап өту мемлекеттік қызметтің беделін арттыратынын атап өтті. Мемлекеттің дамуы еліне адал қызмет ететін қызметкерлердің қызметінің негізінде екенін, мемлекеттік қызметшілер барлық күш-қуаты мен ерік – жігерін, білімін, тәжірибесін кәсіби қызметіне арнап, Отанына адал қызмет етуі тиіс екенін айтты.
Жиын соңында төраға мен судьялар сот қызметкерлеріне сот саласын дамытуға қосып отырған еңбектері үшін алғыс айтып, қызметкерлерге зор денсаулық, елімізді дамытуда алға қойған барлық мақсаттары мен бастамаларына сәттілік тілеп, қызметтерін сапалы әрі адал атқаруды тапсырды.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі