Жамбыл аудандық сотында, «ҚР Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «ҚР Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинарға аудандық соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты.
Судья  Г.Алимкулова  ҚР Азаматтық процестік кодексінің 46, 104, 149, 165, 166, 173 баптарындағы өзгерістерге тоқталды. Судьялар талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберу қажеттігін, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтіндігін, жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынатынын, судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жіберетіндігін, жауапкермен пікір талап қою арызының көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатындығын, сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс екенін атап өтті.
Семинар соңында судья сұрақтарға жауап беріп,  қатысушылармен өзара пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі