Жамбыл аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және сотта қарауға жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және сотта қарауға жолдау» тақырыбында аудан прокурорының орынбасары А.Асылбековтың, аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы Д.Нуралиевтің, оның орынбасары Н.Турсыновтың, аудандық ЖПБ инспекторы Ж.Сантаевтың, Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі М.Разаковтың, 2035 әскери бөлімінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімінің бастығы К.Арыстанбековтың, Жамбыл аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  М.Жакибаеваның және соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Сот төрағасы Д.Толенбеков өз баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау туралы, әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау үшін себептері мен негіздері туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібін, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 41 бөлім нормаларын қолдану мәселелерін түсіндірді.
Іс-шарада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға уәкілетті тұлғалармен  хаттаманы толтыруда жіберілетін  кемшіліктер туралы талқыланды.
Сонымен қатар, Д.Толенбеков 2017 жылдың 9 айында сотпен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің статистикалық мәліметтеріне тоқтады.
Іс-шара соңында қатысушылар өз-ара пікір алысып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
                                                           
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі