Ұрлық үшін бас бостандығынан шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында қысқартылған тәртіпте ҚР ҚК-нің  188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды.
Қылмыстық іс материалдары бойынша анықталғаны, Ш. меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, яғни өзінің таныстары Т. және Б.-мен ішімдік ішу барысында басқа ауданда тұратын жәбірленуші Н. –ның үйінде жоқ екенін пайдаланып, жәбірленушінің мүлкін жасырын түрде ұрлауға ұсыныс жасап, сөз байласқан. 2017 жылдың 05 қаңтарында сөз байласқандар такси шақырып, үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйінен техника заттарын, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жалпы соммасы 1 411 225 теңгеге материалдық залал келтіріп,  оқиға орнынан бой тасалаған.
Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс әрекетіне өкініш білдірді. Келтірілген материалдық залал жәбірленушіге толығымен өтелген.
Талас аудандық сотының үкімімен сотталушы Ш. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. ҚР ҚК 63 бабының 1 бөлігін қолданып, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленіп, шартты жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Істегі Ш.-мен бірге ұрлық жасаған Т. және Б. Талас аудандық сотының 2017 жылғы 30 наурызындағы үкімімен сотталды.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі