Тыйым салынған заттарды тексеруден жасырып беру әрекеті үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай мәтін бойынша ҚР ӘҚБтК) 481-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
Іс-құжаттарымен анықталғандай, 11.07.2017 жылы сағат 19.30 шамасында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ның ЖД 158/7 мекемесінде жазасын өтеп отырғандарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарын, 2 дана байланыс құралдарын - «Нокия» және «НТС» маркалы ұялы телефондарын асыра лақтыру арқылы беру әрекетін жасаған.
Өзінің іс-әрекетімен,  Б. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену.
Сот қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп табылып, оған әкімшілік жаза ретінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы болып табылған заттар тәркiлене отырып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 (жиырма екі мың алты жүз тоқсан) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.             
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі