Тұрар Рысқұлов аудандық сотында сот мамандарына арналған семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот маманы қандай болуы тиіс?»  тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, мемлекеттік қызметшілері және «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауын, біліктілігін арттырып, қызметтік міндеттерін адал орындауын, сотта қызмет ететін әрбір маман мемлекеттік тілді жетік меңгеруге тиіс екенін,  мемлекеттік қызметкер байыпты, ізетті, сыпайы мінез танытуға дайын болуы керектігін, сыпайы сөйлеу арқылы әр маман өзі қызмет ететін мекеменің ғана емес, жалпы, сот жүйесінің бақ-беделін биікке көтеретінін айтты.
Кеңсе меңгерушісі Г.Орымбекова мемлекеттік қызметкер артылған үмітті ақтап, адал жұмыс істеуі қажет екенін,  мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауы керектігін, іскерлік киім кию стилін - соттағы әрбір маманның міндеті екенін, мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтен тыс уақыттада әдеп нормаларын ұстану керектігін айтты.
          
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі