Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот этикасын сақтау мәселелері және Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттары және мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары»» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот этикасын сақтау мәселелері және Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттары және мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары»» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинарға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Б.Бакирбаев, судьялар С.Қалқабаев, С.Узбеков, кеңсе меңгерушісі Г.Орымбекова, сот қызметкерлері Б.Туребекова, Т.Аденова, М.Атайбекова, С.Томатаев, Д.Кадеркулкызы, У.Акпанова, Р.Сулейманова, Б.Бекеев, Е.Берікбай және «Құлан таңы» газетінің тілшісі Г.Ниязкулова қатысты.
Іс-шарада аудандық соттың судьясы С.Узбеков Қазақстан Республикасы Судьялар одағының кезектен тыс VІІ-съездінде қабылданатын «Сот этикасын сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Кодекс жобасына ҚР Констиуциясын, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы негізге ала отырып, «Адам құқықтарының жалпы декларациясын», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактті», «Судьялар мінез-құлқының Бангалорлық қағидаларын» назарға ала отырып қабылданатындығын атап өтті.
Шара барысында судьялар жаңадан қабылданатын әдеп кодексі жобасының жаңашылдығына сәйкес өз пікірлерін айтып, Кодекстегі судьялардың мінез-құлқының этикалық қағидалары, судьяның кәсіби міндеттерін атқару барысындағы тәртібінің этикалық ережелеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бекітілгенін айтты. Жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ олардың базалық тәртіп стандарттарын белгілейді. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік қатынастардағы мінез-құлық үлгілері бекітілгенін айтты.
Іс-шараны қорытындылай келе, төраға міндетін атқарушы Б.Бакирбаев судьялар мен мамандарға этикалық кодекстің нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Қайнар:Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі