Тұрар Рысқұлов аудандық сотында пара алу фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам бола тұра, пара берушiнiң пайдасына жасаған өзінің қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін әрекеті үшін жеке өзi ақша сипатында пара алып, қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған) К.К.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді. 
Брифинг барысында төрағалық етуші судья Г.Аманбаев, азаматшалар А.Б. мен Ж.К-дан сотталушы К.К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға бола тұра «А.Б.» және «С» атты  жеке кәсіпкерлікті жабу үшін  70 000 теңге  пара алғанын атады.
Сот үкімі бойынша К.К. ҚР-ның ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бабпен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 4 000 000 (төрт миллион) теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Сотталған К.К.-ға тағайындалған айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде төлеуге міндеттелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
Тілшілерді іс бойынша қызықтырған сұрақтарына судья жауап берді.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі