Тонау фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің  191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /тонау/ айыпталып сотқа берілген М.Ф.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, М.Ф. 24.03.2017 жылы шамамен 18.00 сағатта, Тараз қаласы «Жайлау» мөлтек ауданында қоғамдық көлік аялдамасында тұрып, қолында әйел сөмкесі бар, өзіне бұрын таныс емес азаматша У.Ж.-ны байқаған. Осы уақытта М.Ф.-да жәбірленушінің өмiріне және денсаулығына қауiптi емес күш қолданып бөтеннің мүлкін ашық жымқыруға бағытталған қылмыстық ой пайда болған.
Ары қарай, өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, М.Ф. У.Ж.-ға жақындап келіп, оның сөмкесін көтерісуді сылтауратып, соңғыны Тараз қаласы  «Талас» мөлтек ауданында адамдар болмаған жол жиегіне апарған.
М.Ф. №18 үйге жеткен соң, бөгде адамдардың жоқтығына көзін жеткізіп, тергеумен анықталмаған сұйықтықты У.Ж.-ның бетіне шашып жіберген соң, У.Ж. жерге отырып, ашыған көздерін сүрте бастаған.
Өз кезегінде М.Ф. осы сәтті пайдаланып У.Ж.-ның барлығы 60000 теңгені құрайтын, әр-қайсысы 30000 теңгелік қолындағы 2 дана алтын сақиналарын, 40000 теңгені құрайтын құлағындағы алтын сырғаларын шешіп алып, ішінде бағасы 30500 теңгені құрайтын «Самсунг Дуос» ұялы телефоны, бағасы 1000 теңгені құрайтын қызыл түсті әмияны, ақшалай қаражат 1500 теңгесі, 4 дана кілттерімен кілт жинағышы, дәрі-дәрмектері бар сөмкесін ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Осымен, М.Ф. өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленуші У.Ж.-ға барлық сомасы 133 000 теңгені құрайтын материалдық залал келтірген.
Тараз қаласы №2 сотының 08.06.2017 жылғы үкімімен М.Ф. ҚР ҚК-нің  191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі