Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов, қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкері К.Кенжетай және соттың мамандары қатысты.
Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз ететінін айтты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар өткізу объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін пысықтады.
   
 
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі