Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қолжетімді әділ сот құру – заман талабы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қолжетімді әділ сот құру – заман талабы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Мадемаров, судьялар Д.Мерзадинова, Д.Мәуленов, Қ.Үсембаева, Д.Дуанбеков, кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-шы қадамы талқыланды, яғни барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізуі, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмау тиістілігі сөз болды.
Әңгіме барысында АБТ жүйесі сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылатыны ескерілді.
«Дөңгелек үстел» аяғында «Сот кабинеті» сервисі жұмысын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
 
 
 
 
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі