Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қалааралық бейнебайланысты қолдана отырып әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бейнебайланыс қолдана отырып қаралды. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға азамат Т. Қарағанды облыстық сотының ғимаратына келіп, бейнебайланыс арқылы жауап берді.      
16.02.2017 жылы сағат 12:30 шамасында құқық бұзушы А. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақсу ауылының Сейфулин даңғылында «Ақ сұңқар» дүкенінің маңында темекі шегіп, қалдығын жерге тастаған, яғни қоғамдық орынды ластаған, қоғамдық тәртіпті бұзған, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiрген.        
Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзатын әрекеттер.
Істі қарау қорытындысы бойынша құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 15 883 (он бес мың сегіз жүз сексен үш) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.            
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі