Тараз қаласы №2 сотында тонау жасау фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің  191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /тонау/ айыпталып сотқа берілген Д.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан сотталушы Д. 14.04.2017 жылы, шамамен 10.00 сағатта, өмiрге қауiптi емес күш қолданып бөтеннің мүлкін ашық жымқыру жолымен материалдық пайда көру мақсатында Тараз қаласы Сүлейменов көшесінде орналасқан «АЭСА» колледжіне келіп, онда жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші П.-ны кездестірген.
Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында Д., П.-ға физикалық тұрғыда күш қолданып, соңғыдан оның ұялы телефонын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. 19.04.2017 жылы жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші П. осы жағдай бойынша полицияға жүгінген.
Д. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрсетілген әрекеттердегі өзінің кінәсін толық мойындаған.
22 мамыр 2017 жылғы кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімге сәйкес, тараптар Тараз қаласы прокурорының орынбасарымен Д.-ның, оның қорғаушысының, жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші П.-ның, оның заңды өкілінің және мамандандырылған жасы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша заң кеңсесінің адвокатының арасында процессуалдық келісім жасалып, оған сай тараптар Д.-ға ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауға келіскен.
Тараз қаласы №2 сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің  191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 3 (үш) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі