Тараз қаласы №2 сотында полицияның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы  Тараз қаласы  №2 сотында  ҚР ҚК-нің 190-бабының  3-бөлігінің  2-тармағымен (алаяқтық) айыпталып сотқа берілген С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
02.11.2016 жылы сағат 21.00 шамасында жергілікті  полиция тобының участкелік инспекторы С. Тараз қаласы Рысбек батыр көшесінің бойында орналасқан №2 үйдің кіреберісінде келе жатып, А.-ның қоғамдық орында шылым шегіп тұрғанын көреді. Өз кезегінде А. участкелік инспекторын көріп, осы кіреберісте орналасқан өзінің танысы С.-ның пәтеріне жүгіріп кіріп кеткен.
 С. А.-ның артынан аталған пәтерге кіріп, әнгімелесу барысында, А. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы үшін жауаптылықтан жалтару үшін белгісіз бағытта қаша жөнелген сәтте, оның артынан  участкелік инспектор С. жүгірген.
Біраз уақыт өткен соң С. С.-ның пәтеріне оралып, С. мен оның анасы Л.-ға ішінде өсімдік тектес жасыл түсті зат бар сөмкені көрсетіп, осы сөмкені  А. осы пәтердің терезесінен лақтырып жібергенін айтқан. Осы сәтте С.-ның ойында өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жолмен алдау арқылы пайда табу ойы пайда болған.
Келесі күні 03.11.2016 жылы өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында С. А.-ның үйіне барған кезде оның өгей әкесі А.-ны жолықтырып, оған оның өгей ұлы А. есірткі затын сақтағаны үшін ұсталды деп, А.-ның анасы Х.-ға осы жай бойынша хабарлассын деп, ұялы телефон нөмерін қалдырып кеткен.
Кейінірек бұл әңгіме жайлы А. өзі біліп, мән жайды анықтау үшін 07.11.2016 жылы Төле би көшесінде орналасқан «Гелиос» жанар жағар май бекетінде жолыққан. Әнгімелесу барысында  С. А.-ны «марихуана» есірткі затын сақтады деп қылмыстық жазаға тартамын деп, өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, қылмысты мойындамауына қарамастан А.-дан мәселені оң шешу үшін ақша талап еткен. А. қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, өзіндегі бар ақша 15 000 теңгені берген. Мұнымен қанағаттанбай С. мәселені оң шешу үшін 100 000 теңге талап етіп, бұл ақша басшылыққа берілетіндігін айтқан. А. өзінің материалдық жағдайының қиын екендігін алға тартып, аталған соманы 70 000 теңгеге азайтан.
Осы әнгімелесуден кейін А. С. одан ешбір негізсіз ақша бопсалап жатқанын және оның іс әрекеті заңсыз екендігін түсініп, 09.11.2016 Жамбыл облысы ІІД-нің Жекеменшік қауіпсіздік басқармасына шағымданған.
12.11.2016 жылы №6 қалалық полициясы бөлімшесінің қызметтік бөлмесінде С. А.-дан заңсыз 20 000 теңге ақша алған жерінен,  Жамбыл облысы ІІД-нің Жекеменшік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен ұсталған.
Тараз қаласы №2 сотының 10.03.2017 жылғы үкімімен С. ҚР ҚК-нің 190-бабының  3-бөлігінің  2-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, арнайы «полиция аға лейтенанты» шенінен айырылып, құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеу түзеу колониясының жалпы режимiнде белгiленген.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының 2-бөлігіне сай негізгі жаза мерзімі 3 (үш) жыл  мерзімге бас бостандығынан айыруға  қысқартылған.   
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі