Тараз қаласы №2 сотында пара алуға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен (пара алу) айыпталып сотқа берілген С.-ке қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
2017 жылдың басында Жамбыл облысының тумасы Н. пайда табу мақсатында өзінің туысқан ағасымен бірге әр түрлі көкөністер сатып алып, Ақтау қаласына сату үшін темір жол және автокөлік арқылы тасымалдап, сауда-саттықпен айналыспақшы болған.
Н. темір жол арқылы жүк тасымалдау үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде, «Бурыл» темір жол станциясының және «КТZЕ Оңтүстік» филиалы «КТZЕ Жамбыл» агентігінің басшысы С. тез арада келісім шарт жасау үшін, одан 10 000 теңге пара талап еткен.
Сөйтіп, Н., 2017 жылдың 24 қаңтарында «Бурыл» темір жол және «КТZЕ Оңтүстік» филиалы «КТZЕ Жамбыл»  агентігінің лауазымды тұлғасының әрекеті заңсыз екенін түсініп, оның заңсыз әрекетін әшкерелеу мақсатында Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне арызданған.
2017 жылдың 26 қаңтарында, С., Н.-бен өзінің қызметтік кабинетінде кездесіп, Қазақстан аумағында темір жол арқылы пияз тауарын тасымалдау үшін келісім шарт рәсімдеп, одан жеке өзі қолма қол 10 000 теңге пара алған.
Бұл қылмыстық қүқық бұзушылықты жасырын тергеу амалдарын жүргізу барысында Н.-бен С.-тың арасындағы пара алу оқиғасы жасырын бейнетаспаға жазылған.
Тараз қаласы №2 сотының 06.03.2017 жылғы үкімімен С. ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен (пара алу) кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте барлық лауазымды жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 500 000 тенге мөлшерде, айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.