Тараз қаласы №2 сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.
 
Іс-шараға соттың төрағасы М.Байсариев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Баспасөз-конференциясы барысында сот төрағасы М.Байсариев тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикалық есептеріне тоқталды.
2016 жылдың 9 айында Тараз қаласы №2 сотына барлығы 471 қылмыстық іс түскен, 493 тұлғаға қатысты 415 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 400 тұлғаға қатысты 339 іс қаралған, 54 тұлғаға қатысты 44 қылмыстық іс тоқтатылған, 36 қылмыстық іс медиация арқылы аяқталған, прокурорға іздеу амалдарын жүргізу үшін 11 қылмыстық іс жолданған.
9 айдың есеп кезеңінде Тараз қаласы №2 сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 113 мақала жарияланған, 15 семинар сабағы, 15 дөңгелек үстел, 1 баспасөз мәжілісі, 3 ашық есік күні өткізілген.
Кеңес барысында сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақтылы қарау екендігін атап өтті.
 Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көптеген сұрақтарына жауап берілді.
 
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі