Тараз қалалық №2 сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  109-бабымен /ұрып-соғу/ айыпталып сотқа берілген И.-ге қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, И. 20.05.2017 жылы өзінің Тараз қаласы Водопьянов көшесі, №1 үйінде жұбайы А.-ны ұрып соққан. Осыған байланысты, А. сотқа И.-ды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағыммен жүгінген.
Тараз қаласы №2 сотының қаулысымен шағым сот өндірісіне қабылданып және жеке айыптау ісі бойынша ҚР ҚК-нің 109-бабымен И.-ге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Басты сот талқылауы барысында тараптар арасында  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы 14.06.2017 жылғы келісімі жасалып, жеке айыптаушы А. олардың татуласуына және бірге тұруына байланысты айыптан бас тартқан.
ҚР ҚПК-нің 413-бабының 1-бөлігіне сай, жекеше айыптау iсін жүргізу осы Кодекстiң 35-бабының 1-бөлігінің 5-тармағында көзделген мән-жайлар бар болған кезде тоқтатылуға жатады.
Соттың қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі