Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Гендерлік теңдік » тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Гендерлік тендік» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс шараға соттың төрағасы А.Мадемаров, судьялар және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Семинарда гендерлік теңдіктің өзекті мәселелері, әйелдер құқықтары және әйелдердің кемсітушілікке ұшырамауы талқыланды.
А.Мадемаров Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясы  басымдықтар және негізгі принциптерді анықтайтындығын, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен билік құрылымдарына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселесін шешу міндет екенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін айтты.
Семинар барысында гендерлік теңдік - ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдай жасау екені баса айтылды.
                       
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі