Талас аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Талас аудандық сотының төрағасы Ж.М.Жұмабеков, бас маман А.Тұтқышбаева, прокурор М.Темиржанов, Талас аудандық ІІБ-нің тергеушісі Р.Арип, Талас аудандық кірістер басқармасының бөлім бастығы Е.Нұрмаханбетов, «Игілік» көпсалалы кәсіпорынның директорының орынбасары РН.Райымбеков, «Тұрғын үй жөндеу Қаратау» мекемесінің маманы Б.Омаров, Талас аумақтық аға сот орындаушы С.Б.Қапсаланов, кәсіби медиатор Б.Е.Қожабекова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Ж.М.Жұмабеков сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оған жағдай туғызатын кері әрекеттерді жою мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сот төрағасы Ж.М.Жұмабеков сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр-бір азаматтың міндеті екенін және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыру тиіс екендігін айтып өтті.
Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелердің әрдайым назарда екендігін айтты. 
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі