Талас аудандық соты «Сотта келісімдік тәртіппен іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотымен «Келісімдік тәртіппен іс жүргізу» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға судьялар  Б.Жармұхамбетов, Л.Дукенбаева, кеңсе меңгеруші А.Қалабаев, Талас аудандық  прокуратурасының аға прокуроры М.Темиржанов, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің  өкілі Д.Каркимбаев,  Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Ж.Шормақов, А.Амонова қатысты.
Дөңгелек үстелді ашқан судья Б.Жармұхамбетов Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық Заңнамасына «келісім институтының» новеллалары енгізілгендігін, онда күдікті, айыпталушы немесе сотталушымен барлық қылмыс санаттарында кінәні мойындау туралы мәміле түрінде, аса ауыр қылмыстардан басқалары, процессуалдық келісімді қорытындылау ерікті институты, барлық санаттардағы қылмыстық істер бойынша қылмыс субъектілері қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстарды ашу және тексеру жағдайларында олардың қол үшін беру ынтымақтастығын шешу мүмкіндігі бар екендігін атап айтты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен процессуалдық келісімге қол қою және шектеу тақырыбындағы проблемалық сұрақтар талқыланды.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі