«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.
Дөңгелек үстелге судьялар және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасының м.а. С.И.Таусаров өзінің сөзінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауға, заңдылыққа, жариялылық пен ашықтыққа, мемлекет пен азаматтық қоғам бірлестігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі әрі кешенді жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шаралар қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін тұлғаларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге бағытталған.
Дөңгелек үстел соңыңда С.И.Таусаров сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей  төнген қауіп-қатер қатарына қойылғанын, осы қауіпті де келеңсіз құбылыспен  күрес мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруде  екенін атап өтті.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі