Сотталушылар кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Талас аудандық сотында  С.М.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабының  4-бөлігі 2 тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу), 369-бабының 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) айыптау бойынша және  Ш.К.-ға  ҚР ҚК-нің 189-бабының  4-бөлігі 2 тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) айыптау бойынша  қылмыстық іс қаралды.
Сотта  сотталушылар С.М. және Ш.К.  2012 -2015 жылдар аралығында өздерінің қылмысына жазаланбайтынына сенімді болып, балабақша қызметкерлерінің бос тұрған  лауазымдарына айлық жалақыны оңай тәсілмен алу мақсатында,  өздерінің жеке картшоттарына  төлемдерінің мақсаттары белгісіз себептермен, негізсіз, яғни әр айдың еңбек ақыларын, еңбек демалыстарын, сауықтыру жәрдемақыларын жалған көрсетумен, есептелген еңбек ақыларын  аударғаны анықталды.Сотталушылардың заңсыз іс-әрекетінен Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің мемлекеттік мекемесіне жалпы 13 406 722 теңге материалдық зиян келтірілген.
Басты сот талқылауында сотталушы С.М.  тағылған айып бойынша кінәсән ішінара мойындады, ал  Ш.К. тағылған айып бойынша кінәсін мойындаған жоқ.
Сот үкімімен сотталушы  С.М.   Қазақстан   ҚК-нің 189-бабының 4 бөлігінің 2 тармағымен  кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарында мүліктік жауапкершілікпен байланысты лауазымдық қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №27-V1 санды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының  1-тармағына сәйкес, тағайындалған негізгі жаза, яғни 7 жыл мерзімге бас бостадығынан айыру жазасының мерзімінің өтелмеген бөлігінің жартысы, яғни 3 жыл 6 айға қысқартылды.
369-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мүліктік жауапкершілікпен байланысты лауазымдық қызметті атқару құқығынан  өмір бойынша айырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №27-V1 санды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының  1-тармағына және 7-бабының 3-тармағына сәйкес, тағайындалған негізгі жаза, яғни 1 жыл мерзімге бас бостадығынан айыру жазасыннан босатылды.
- Сотталушы Ш.К. Қазақстан   ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен  кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарында мүліктік жауапкершілікпен байланысты лауазымдық қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №27-V1 санды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының  1-тармағына сәйкес, тағайындалған негізгі жаза, яғни 7 жыл мерзімге бас бостадығынан айыру жазасының мерзімінің өтелмеген бөлігінің жартысы, яғни 3 жыл 6 айға қысқартылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.       
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі