«Сот төрелігін сапалы жөнелту – азаматтар құқығының қорғалуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Аталған іс-шараға, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Замбаев, прокурор Е.Марат, қорғаушы О.Шуақбаев, АІІБ-нің басшысының бірінші орынбасары подполковник М.Мүсірепбеков, пробация қызметінің аға инспекторы капитан Қ.Сарғалтақов, Жуалы ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Сейтқұлов және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында, судья А.Замбаев өз сөзінде, мемлекет беделі мен сот төрелігі бір – бірімен тығыз байланысты. Заң мен құқық бір – біріне қарама қайшы болған жағдайда әділді әрі ақылды шешімді қабылдау қиын болады. Сот төрелігі конституциялық, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу арқылы жүргізіледі. Құқықтық мемлекетте сот төрелігінің жүзеге асуының негізгі принциптері ол оның ең қымбат қазынасы - адам оның құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттік биліктің барлық деңгейде жетілдірілуінің  жалғасуы, сонымен қатар соңғы жылдардағы сот реформасының дамуы оң нәтижелерін беріп отырғандығын айта кетті.
Сонымен қатар, судья А.Замбаев ҚР қылмыстық кодексіндегі жеке айыптаулар бойынша ұсыныстар беріп, аталған қылмыстық жауапкершіліктердің келешекте әкімшілік жауапкершілікке ауысуы мүмкіндігін айтты.
Іс-шара соңында қатысушылар өз тараптарынан сот төрелігінің жағымды жақтарын айта келе, мемлекеттің тұрақтылығының кепілі екендігін айтып, аталған тақырып бойынша өз ұсыныстарын білдірді.  
                                                                     
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі