Сот шешімімен талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотымен талап қоюшы О. жауапкер «Бірлік» өндірістік кооперативі арасындағы сатып алу-сату келісім шартын заңды деп табу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен анықталғаны, талап қоюшы О. 10.02.2015 жылы, жауапкер «Бірлік» өндірістік кооперативі арасында трактор бригадасы мен тастан соғылған сарайды 3 га жер учаскесімен 500000 теңгеге сатып алу-сату туралы келісім шарт жасалған.
Бірақ талап қоюшы мемлекеттік тіркеуге қоя алмады, өйткені «Бірлік» өндірістік кооперативі даулы мүлікті Әділет басқармасына тіркемеген болып шықты.
Сот мәжілісінде талап қоюшы О. өзінің талабын нақтылай келе, соттан «Бірлік» өндірістік кооперативі арасындағы сатып алу-сату келісім шартын заңды деп табуды сұрады.
Қазіргі таңда анықталғаны, келісім шартта сатылған объектінің атауы дұрыс көрсетілмеген, 10.02.2015 жылғы келісім шартқа, тараптар 15.08.2016 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Аталған өзгерістер Әділет басқармасында тіркелмеген болып шықты.
Жуалы аудандық сотының шешімімен, талапкердің сатып алу-сату келісім шартын заңды деп табу туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енбеген.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі