Архив событий

18/08/2016

Қайырымдылық көмек көрсетілді

18/08/2016
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.

 

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам сот жүйесінде ерекше орын алады

18/08/2016
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы З.Габоева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам сот жүйесінде ерекше орын алады» тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында судья З.Габоева  Елбасының тапсырыстарына сәйкес, соттық іс жүргізуді жетілдіруге және соттық корпусты қалыптастыру тәртібін жетілдіруге байланысты соттық жүйені жаңалау бойынша 11 мақсатты (арнаулы, нысаналы) қадамды өз ішіне алатын,  «100 нақты қадам» атты ұлт Жоспары құрылғанын айтты.

Келтірген зиянның орнын толтырған

18/08/2016
Байзақ аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1 бөлiгiмен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған А.Аверинге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

18/08/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Қ.Жетібаева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Нотариат туралы» Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасау мүмкіндігі»  тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында бас маман Қ.Жетібаева  Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің №103 29.02.2016 жылғы бұйрығымен нотариустардың  нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларына, атқарушылық жазбаларды жасауға байланысты толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын борышкерден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді.
 

Алкогольге масаң күйде көлік құралын басқарған

18/08/2016
Мойынқұм аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608 бабы 6 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген құқықбұзушылық бойынша А.Рысымбетовке қатысты әкімшілік істі қарады.