Архив событий

10/08/2016

Есірткі затын сатқаны үшін сотталды

10/08/2016
Шу аудандық сотында ҚР ҚК-нің 297 бабы 2 бөлімімен /ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, иемдену, қайта өңдеу/
қылмыс жасаған Д.Р.Солтаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

 

Жеке кәсіпкердің қарыз сомасын өндіру туралы талабы қанағаттандырылды

10/08/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер А.Гальцованың жауапкер «Taraz-Aegis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

Автокөлікті мас күйінде қайта басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

10/08/2016
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көрсетілген  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмысты жасаған сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды

«Сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстарды қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел

10/08/2016
Шу аудандық сотымен «Сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстарды қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы М.Мыстаев, Шу аудандық сотының қызметкерлері, Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры Н.Биқожа, Шу аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеушілері Ж.Батырбек, Е.Жаксылыков, Шу желілік бөлімінің тергеушісі А.Байнамаев, Шу аудандық заң кеңсесінің адвокаты И.Джанибекова қатысты.

Тараз қаласы №2 сотында «Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау» тақырыбында семинар сабағы өтті

10/08/2016
Тараз қаласы №2 сотында «Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы №2 соттың судьялары қатысты.
Семинарда судья А.Исабаева Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау туралы тақырыпта баяндама жасады.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында «Медиация күні» Республикалық акциясына байланысты «дөңгелек үстел» өткізілді

10/08/2016

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында медиатор М.Алмасбековтың, этно-мәдениет орталықтар азербайжан «Азери» Х.Абдуллаевтың, түрік «АХСК» К.Дургалованың, казақ «Шанырақ» Г.Элеуованың, күрд «Салахадин» И.Асадовтың және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен «Медиация күні» Республикалық акциясын өткізуге байланысты «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Мойынқұм аудандық сотында Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен республика аумағында «Медиация күні» акциясын өткізді

10/08/2016
Мойынқұм аудандық сотында Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен республика аумағында «Медиация күні» акциясын өткізу жоспарына сай, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күні қарсаңында, медиация рәсімін кеңінен насихаттау мақсатында «Ашық есік күні»  өткізілді