«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін талқылау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Замбаев, прокурор Е.Марат, қорғаушы Н.Алагөз, АІІБ-нің тергеушісі Е.Момынов, аудандық кіріс басқармасының бөлім басшысы Ж.Рахымбердиев, жер қатынастары бөлімінің инспекторы А.Жарылқап, соттың кеңсе меңгерушісі Ғ.Бейбитов және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында, судья А.Замбаев өз сөзінде, сот процесіне қатысушылардың ғана емес, сонымен қатар соттың да материалдық шығыстарын қысқартуын және уақыт үнемділігін қамтамасыз еткенін, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ақпараттық технологияны пайдалануын кеңейте түсуге, сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сот төрелігінің қолжетімділігін, айқындылығын және ашықтығын  арттыруға серпін бергендігін, «Сот кабинеті» - халықтың сотқа өтініш, талап арыздарын және шағым жасауға, қолдау хатты электронды түрде дайындап жолдауға арналған жүйе екендігін, қатысушыларға аталған сервис арқылы талап арыздар, шағымдар мен істерді жолдау қажеттігі басты талап екенін атап өтті.
Сонымен қатар, судья А.Замбаев АІІБ-нің өкілдеріне алдағы жұмыс барысында жеке шағымдар бойынша қылмыстық іс құжаттарды міндетті түрде «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдауға кеңес берді.
Іс шара соңында қатысушылар өз тараптарынан жаңа ақпараттық «Сот кабинеті» онлайн-қызметі бойынша жағымды жақтарын айта келе, өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.  
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі