Архив событий

22/02/2017

Тараз қалалық сотының судьялары семинарға қатысты

22/02/2017

Тараз қалалық сотының судьясы Манкетегі Бауыржан Елбасының республика судьялардың VII съезінде қойылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дауларды сотқа дейінгі реттеу процедураларын қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарының азайтылуы, жұртшылық арасында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуге ынталандыру   мақсатында   пилоттық жобаны іске қосқандығын атап айтты. Аталмыш жоба мұрагерлік, неке бұзу және мүлікті анықтау, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру, пәтерден шығару туралы, кондоминимумды басқару мәселелері даулары бойынша міндетті түрде медиация жүргізуді қамтиды.  

 

Меркі аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

22/02/2017

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ш.Утеева  электронды атқару парақтарын қалыптастыру, жолдау  бойынша туындаған мәселелер жайлы айтып өтті.

Банктік шарт бойынша қарыз оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы өндірілді

22/02/2017
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талап қоюшы "Хоум Кредит энд Финанас Банк"АҚ жауапкер Д.-дан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы қаралды.

Ашық есік күні

22/02/2017

Мойынқұм  аудандық сотының  жоспарына сай,    халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында  «Ашық есік» күні өткізілді.

 

Жалақы өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

22/02/2017

Тараз қалалық соты талап қоюшы Е. жауапкер «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС 52338 теңге жалақы өндіру туралы дауды медиация тәртібімен шешті.  Қазақстан Республикасы Еңбек көдексінің 113 бабының 1 бөлігіне сәйкес жалақы ақшалай нысанда ҚР ұлттық валютасымен кем деген айына бір реттен, келесі айдың бірінші он күндігіне дейін кешіктірілмей төлену қажет. Алайда жауапкер ««Жасыл Ел-Тараз» ЖШС 2016 жылдың желтоқсан айының жалақысын осы уақытқа дейін төлемеген.

 

Тәжікстан Республикасының азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды

22/02/2017

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен Тәжікстан Республикасының азаматы Н.Ш. қатысты әкімшілік іс қаралды.

 

«Ашық есік күні» өтті

22/02/2017

Байзақ аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Д.Тасыбаев жүргізді.

 

Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік

22/02/2017

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен Тараз қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) жинақталған әкімшілік іс қарады.

 

Тараз қалалық сотының кеңсе меңгерушісі «Қазақстан-Тараз» облыстық радиосына сұхбат берді

22/02/2017
Тараз қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Байназаров «Қазақстан-Тараз» облыстық радиосына «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеудің пилоттық жобасы» тақырыбында сұхбат берді.

Жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қанағаттандырусыз қалдырылды

22/02/2017

Талас аудандық соты талап қоюшы Ж.Ш.-ның  жауапкер  «Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өкімді заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін орташа жалақы өндіру туралы талап арызы  бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша талапты  қанағаттандырусыз қалдыру  туралы шешімін жариялады.

 

Сот шешімімен әрекетке қабілетті деп танылды

22/02/2017

Жамбыл облысы Талас аудандық сотында арыз беруші  М.И.-ның  қызы Э.Қ.-ны әрекетке қабілетті деп тану  туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралып,  арызды қанағаттандыру туралы сот  шешімі шықты.