«Сот этикасын сақтау мәселелері және Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттары және мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында «Сот этикасын сақтау мәселелері және Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттары және мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары»  тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың төрағасы Ж.Жұмабеков, судьялар Л.Дүкенбаева, М.Байтасова, кеңсе меңгерушісі А.Қалабаев, сот қызметкерлері А.Тұтқышбаева, К.Татибекова, Т.Молдашова, А.Махамбетова, Д.Мэлс, А.Қазбекова, М.Омарбеков, Қ.Тойшыбеков, «Талас тынысы» газетінің тілшісі М.Тапаева.
Сот төрағасы Ж.Жұмабеков Кодекс жобасына ҚР Констиуциясын, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы негізге ала отырып, «Адам құқықтарының жалпы декларациясын», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактті» назарға ала отырып қабылданатындығын атап өтті.
Сондай-ақ сот төрағасы Ж.Жұмабеков 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бекітілгенін айтып, жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ олардың базалық тәртіп стандарттарын белгілейтінін, Кодексте мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік қатынастардағы мінез-құлық үлгілері бекітілгенін айтты.
Семинарды қорытындылай келе, сот төрағасы Ж.Жұмабеков судьялар мен мемлекеттік қызметшілерге этикалық кодекстің нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі