Шығыс хат-хабарларды жолдау мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Шығыс хат-хабарларды тіркеу: ЭҚАБЖ базасы арқылы, ГЭП арқылы және ШПИ беріле отырып хаттарды жолдау»  тақырыбында семинар өткізілді.
Осы тақырыпта шығыс хат-хабарлар маманы А.Садыкова баяндама жасап, ЭҚАБЖ арқылы хаттар тек мемлекеттік органдарға жіберілетінін атап өтті. Ол үшін базада сыныптағыш арқылы адресатты таңдап, қол қою үшін басшыға жіберілуі тиіс, одан кейін шығыс нөмір беріледі және таңдалған адресатқа жіберіледі. А.Садыкова гибридтік электрондық пошта арқылы жіберілетін хаттарға, сондай-ақ штрихтік пошталық идентификатор берілетін хаттарға тоқтала кетті.
Шара соңында кеңсе меңгерушісі Г.Киташова сот отырысының хатшыларына, артық шығындарды болдырмау үшін, хаттар мүмкіндігінше электронды түрде жіберілуі тиіс деп атап көрсетті.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі