Шу аудандық сотының ұжымы қайырымдылық акциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Аудан әкімдігімен ұйымдастырылған ауыр дертке шалдыққан науқас қызға көмек көрсету қайырымдылық акциясына Шу аудандық сотының ұжымы  қатысты.
Шу қаласының тұрғыны Арайлымға дәрігерлер аса ауыр дерт - ақ қан ауруына шалдыққаны туралы диагноз қойған. Бірнеше жылдар бойы емделген Арайлым ауруынан айыға алмады, алайда оған шетелдік білікті мамандардан емделуге мүмкіндік туды.
Арайлымның мұқтаждығына қолдау әрі дертіне шипа болар деген үмітпен сот ұжымы қаржылай көмек көрсетті.
Өз кезегінде, волонтерлар көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін сот ұжымына ризашылығын білдірді.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі