Шу аудандық соты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде өткен кездесуге  аудандық сот төрағасы Ернар Жаманқұлов, ауданаралық прокурор Жандос Бердіқұлов, аудан әкімі Қайрат Досаев, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шопырхан Жапабаев, аудандық заң кеңсесінің меңгерушісі Болат Бекешев, бас дәрігерлер аудандық ауруханадан Айдар Мұхатаев, қалалық ауруханадан Бахыт Бейсенбаев және қалалық емханадан Баян Билялова, сондай-ақ  аудандық ХҚКО бастығы Ержігіт Онбаев қатысты.
Кездесудің мақсаты –  әр түрлі жағдайға байланысты туу туралы куәлік алмаған балаларды және жеке басын анықтау құжаттары жоқ адамдарды құжаттандыру саласындағы сұрақтарды өзара ынтымақтастық аясында талқылау.
Ахуалды сұрақты талқылау барысында тараптармен жеке басын анықтау құжаттары жоқ адамдарды уақтылы құжаттандыруды туралы насихаттау іс-шараларын бірге өткізу және уақтылы құжаттарды алу туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, оңды тәжірибелермен алмасу, тараптардың қай-қайсысының ұйымдастыруы арқылы өтетін біріккен кеңестерде, талдамалы зерттеулерде, ғылыми практикалық  конференцияларда, семинарларда және басқа да іс-шараларға қатысу, қиын материалдық жағдайы болмауына байланысты туу туралы куәлік алмаған балаларды және жеке басын анықтау құжаттары жоқ азаматтарды құжаттандыру барысында туындаған құқықтық сұрақтарды түсіндіруге өзара қолдау көрсету, соның ішінде қажеттілігіне байланысты  сотқа беру туралы ұсыныстар енгізілді.
Кездесу нәтижесінде, қатысушылармен қиын материалдық жағдайына байланысты туу туралы куәлік алмаған балаларды және жеке басын анықтау құжаттары жоқ адамдарды құжаттандыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Шақырылған қонақтар соттың бастамасын қолдап, ұсынылған өзара ынтымақтастық үшін алғыстарын, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін  жүзеге асырылатын барлық іс-шараларға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
                                                                             
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі