Сарысу аудандық сотында нотариат пен мұрагерлік құқық туралы заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында «Нотариат пен мұрагерлік құқық туралы заңнаманы сот тәжірибесінде қолдану»   тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шараға судья Д.Толенбеков, «Сарысу» газетінің тілшісі К.Сүлейменова, Сарысу ауданы әкімі аппаратының өкілі Қ.Алдабергенов, Жаңатас қаласының әкімі аппаратының өкілі Қ.Сметов, нотариус Л.Утеулиева, Әділет басқармасының өкілі М.Шарипбеков, бас маман –сот мәжілісінің хатшысы А.Утеева,  жетекші маман С.Асқарбекова  қатысты.
Судья Д.Толенбеков өз баяндамасында  «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысына сай, мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алуы тиіс екендігін айтты.
Сонымен қатар, мұрадан бас тарту туралы арыз мұрагер мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра ашылған орны бойынша нотариусқа мұрагердің жеке өзі келіп беруіне немесе пошта арқылы беруіне болатынын, арыз пошта арқылы жіберілген кезде арызға қойылған қол куәландырылуға тиіс екендігін, нотариус, елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық әрекеттерді жасауға өкілетті аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ мұрагер уақытша немесе тұрақты шетелде тұрып жатқан жағдайда Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияны жүзеге асыратын лауазымды тұлға қолдың түпнұсқалығын куәландыруға құқылы екендігін айтты.
«Семинар сабақтың» соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі