Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін үш күнге қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1 бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа Д-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарынан 2017 жылдың 26-қыркүйегінде сағат 18:00 шамасында, азамат Д. Ноғайбай ауылы, Төле би көшесінің бойында өзінің маркасы «Ауди 100» автокөлігін мас күйінде басқарғаны анықталды, Қордай аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған, яғни құжаттарын көрсетпей қарсылық білдірген.
Соттың қаулысымен, құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 3 (үш) тәулікке қамауға алынған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Қордай аудандық  сотының баспасөз қызметі