Пилоттық жоба әрекет етуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық  сотында  талап қоюшы С.Р. жауапкер Т. Д. қойған қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін қабылдау ұсынылған.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер Т.Д. талап қоюшы С.Р-ға 2017 жылдың 30 сәуірінен бастап, әр айдың 30 жұлдызында  30 000 (отыз мын) тенгеден, қарыз сомасы 1 600 000 (бир миллион алты жүз мын) тенгені толығымен бітіргенше  төлеп тұруға міндеттеме алған.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 17 500 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Меркі аудандық сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асыру бағытында жұмыстар жүзеге асырылуда.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.                       
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі