Пилоттық жоба әрекет етуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық  сотында  талап қоюшы О.К. жауапкер С. М. қойған қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін қабылдау ұсынылған.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер М.С. талап қоюшы К.О-ға 17.05.2017 жылға дейін құны 300000 теңгеге бағаланатын үш жасар 2  бас сиыр малын, құны 180000 теңгеге бағаланатын  үш жасар 1  бас сиыр малын немесе  олардың құны 480000 теңгені беруге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 4840 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Мойынқұм аудандық сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асыру бағытында жұмыстар жүзеге асырылуда.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.                       
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі