Пилоттық жоба іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Шу аудандық сотында жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуіне байланысты неке бұзуға қатысты 3 азаматтық іс қаралды.  
Азаматтық істер сот өндірісіне қабылданып, қозғалғаннан кейін,  сот тараптарға жекелеген санаттардағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысу туралы хабарламаны, кәсіби емес медиаторлардың тізімін, талап арыз бен  сот талқылауына дайындық жүргізу туралы ұйғарым көшірмелерін жолдайды.
Тараптар медиация өткізу туралы талап қойып, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының АПК-нің 277 бабы 6 бөлігіне сай дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу туралы келісімді бекітіп, істерді өндірісінен қысқартты. Талап қоюшыларға сотқа талап-арыз берген кезде төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
Судья тараптарға сот өндірісінен қысқарту салдарын түсіндірді.
Ұйғарымдар заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі