Пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру  мақсатында Талас аудандық сотының судьясы Б.Жармұхамбетов Шәкіров, Аққұм, Бостандық ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен  кездесу өткізді.
Кездесуге Талас ауданы әкім аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы Е.Іргебай, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары және кәсіпқой емес медиаторлары  қатысты.
Іс-шара барысында  судья Б.Жармұхамбетов сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен қызмет ету тиімділігін жақсарту мақсатында сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен сот ісін жүргізудегі жаңғыртулар туралы айта келе «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» туралы айтып, онық мақсаты мен міндеттеріне, іске асыру мен медиацияны жүргізу тәртіптеріне де тоқталды.
Судья дауларды сотқа жеткізбей-ақ шешуге болатындығын, қаржылық шығынды азайту үшін, тұрғындар арасында татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен пайдасын, дау-дамайды соттан тыс шешу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін айтып өтті. 
 Қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.  
                                                                                            
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі