«Партисипативті процедураны қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Партисипативті процедураны қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында «Партисипативті процедураны қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында судьялар Б.Турлыбаевтың, М.Алиманованың, А.Байтерековтың, К.М.Белгишевтың, адвокатар Г.Несипбаеваның, К.Умбеталиеваның және БАҚ-ның өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Б.Турлыбаев өз баяндамасында дауларды сотқа жеткізбей ақ партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісіммен шешу мәселесін көтеріп, жұмысты оңайландыра түскендігі, бітімгершілік дауды шешудің озық әдісі болып табылатыны, ұзақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал ететіні, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқаратыны жөнінде айтты.
Іс шара шеңберінде Б.Турлыбаев партисипативті процедураны азаматтық процестің кез-келген сатыларда, сондай-ақ атқару өндірісі кезеңінде жүргізуге болады. Тараптармен партисипативті процедура арқылы дауды реттеу туралы келісім ерікті түрде және осы келісімде көрсетілген мерзімде атқарылуға жатады. Егер партисипативті процедурамен бекітілген келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, ол келісімді орындау ережелері бойынша мәжбүрлі орындатуға жататындығын айтты.
Дөңгелек үстел сонында  аталған тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары әзірленді.
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметті.