Пара бергені үшін сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы  Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ҚР-ның ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 190-бабының 1-бөлігімен, 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен айыпталған Луговой стансасының желілік полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің  бастығы А.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.
Сотпен анықталғаны, сотталушы А. делдал арқылы лауазымды тұлғаға елеулі мөлшерде пара беруді қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiріп, айдап салумен бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасаған.
Сот үкімімен А. ҚР-ның ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігімен, ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 1-тармағының  негізінде рақымшылық ету актісіне  байланысты жазадан босатылды.        
ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, ҚК-нің 367-бабының 2-тармағымен, оған мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда құқық қорғау саласында лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып және «полиция майоры» арнаулы атағынан айырып, 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес тағайындалған негізгі жаза мерзімі сол мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылып, оған түпкілікті  мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда құқық қорғау саласында лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып және «полиция майоры» арнаулы атағынан айырып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
        
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі