Неке бұзу бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотымен ашық сот мәжілісінде талап қоюшы Д. жауапкер А. қойған неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.
Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.
Судья, тараптарды тыңдап, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмегендіктен және басқа тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.
Азаматтық іс бойынша тараптардың отбасын сақтап қалу мақсаты бойынша сот дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті.
Байзақ аудандық сотының ұйғарымымен сот өндірісіндегі азаматтық іс қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі