Мойынқұм аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм  аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында кезекті «Ашық есік» күні өткізілді. Жергілікті  азаматтарды қабылдауды сот төрағасы м.а.  Б. Далибаев жүргізді.
Өз құқығымен Мойынқұм ауылының тұрғыны Н.Семибратова қолданып, жер дауы туралы және меншік құқығын тану туралы сұрақтарымен жүгінді.
Жүгінушінің сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, Заң талаптарына сай  жауаптар берілді.
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз  қызметі