Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін миллиондық айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 207-бабының 12-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.  Өткізілген аудитқа сәйкес, «Е» Филиалының директоры азамат А.-мен Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактілер анықталды.
Атап айтқанда, жүргізілген аудиттың кезеңінде «Е» Филиалы өз міндеттемелерін орындау барысында, жұмыстарын Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39-бабының 3 тармағы 29 тармақшасын бұзып,  құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасап, қосалқы мердiгерлерімен тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы 12 келісім шарт жасасқан.
Сот қаулысымен азамат А. ӘҚБтК-нің 207 бабының 12 бөлігімен кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 58 бабына сәйкес түпкілікті жаза ретінде 2722800 (екі миллион жеті жүз жиырма екі мың сегіз жүз) теңге көлемінде айыппұл салу  түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі