Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидалары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық  сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Меркі аудандық сотының бас маманы Б.Карашуаков  сот мәжілісі хатшыларының, кеңсе қызметкерлері және сот приставтары арасында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру үшін ортаға шықты.  
Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым – қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, сонымен қатар, мемлекеттік  және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, сапалы атқаруға, өз тәртібімен әріптестеріне үлгі болу керек екендерін айтты. Семинар қорытыныдысы бойынша мамандарға өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, басқа  мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаралын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесу туралы айтылды.
Семинарға қатысушылар мұндай сабақтар ұжымда іскерлік және жақсы қарым-қатынас пен бірігіп қызмет істеуге септігін тигізетіндігін атады.
 
Қайнар:Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі