Іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында, ашық сот мәжілісінде, талап қоюшы Э. жауапкер М. қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.
Судья, тараптарды тыңдап, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен, және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.
Сот жоғарыдағы азаматтық іс бойынша жауапкер М. төлем қарызы 210 000 теңгені талап қоюшы Э. 13.08.2017 жылға дейін төлеуге міндеттенгендіктен, дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті.
Азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.                 
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі