Медиация тәртібімен кезекті іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында талап қоюшы  К-тың жауапкер  «Қ.» Акционерлік қоғамының филиалынан моральдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы К. жауапкер «Қ.» АҚ-ның филиал қызметкерлері сұрақтарына дұрыс жауап бермей, сандалтып қойғанына байланысты олардан өзінің пайдасына моральдық залал өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.
Сот отырысында тараптар медиативтік  келісімді сотқа ұсынды. Келісім шаттарына сай, жауапкер «Қ.» АҚ-ның филиалы тұтыншылармен төлем тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын толық және сыпайы атқаруға міндеттенеді. Өз кезегінде талап қоюшы К. өзінің талап арызынан бас тартады.
ҚР АПК 277 бабына сәйкес сот ұйғарымымен аталған іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі