Медиация рәсімі судья медиатордың қатысуымен өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиациялық келісім бекітілді.
Талап қоюшы «Эталон-Юг» ЖШС-гі жауапкер «Инфинити 2014» ЖШС-нен келісім шарт бойынша 1 500 000 теңге көлеміндегі соманы, 225 000 теңге көлеміндегі тұрақсыздықты өндіру туралы талабымен сотқа жүгінді. Іс бойынша сот медиациясы рәсімі жүргізілді. Судья-медиатордың көмегімен тараптар өзара тиімді келісімге келді.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге мемлекеттік баж салығы бюджеттен қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.